АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Студияда жұлысып, төбелескен Бүркіт пен Аиша қызу талқыға түсті (видео)[:]

[:kz]

Отандық шоу-бизнестің аса танымал жұлдызды жұбы болып саналатын Бүркіт пен Аиша желіде қызу талқыланып жатыр. Ғаламтор кеңістігінде әншілердің белгісіз біреулермен жұлысып, төбелесіп жатқан видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде шу тудырған бейнежазба әнші Бүркіттің жеке парақшасында жарияланған. Аталмыш видеодан өнер иесі мен оның әйелі Аиша екеуі белгісіз біреулермен жұлысып, жұдырық алмаса төбелескен сәтін көруге болады. Өзара келісе алмаған олар айналасының астан-кестенін шығарған.

Алайда, айта кетерлігі бейнероликтен қарап, оқиғаның белгілі бір түсірілім алаңында өрбігеніне көз жеткізуге болады.

Желідегілер видеодағы келеңсіз көрініске қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі орын алған жайтты бар болғаны түсірілім сәті ретінде қабылдаса, енді бірі оны шынайы көріп жұлдыздарға жақтасып шыққан.

«Не деген шу, недеген жанжал» , «Нағыз хайп, өтірік қой» , «Тамаша ойнап шықты рөлдерін» , «Аиша аямай ұрып жатқөанына қарағанда шынайы сияқты» , «Клип түсіріп жатқан болар» , «Нағыз актерлар іспетті рөл сомдап жатырсыздар» , «Бұларға не болған» , — деп жазуда көпшілік.

 

 

 

 

[:]