АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Су басқан Мақтааралдың шенеуніктері қымбат көлік мініп жүр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Біздің ойымызша, ел басына күн туған сәтте әкімдіктегілердің қымбат көлік мініп, шалқып жүруі – орынсыз», — дейді блогерлер.

Танымал YouTube блогерлер Риант Қыбраев пен Валерий Кудрявцев Түркістан облысы шенеуніктерінің қымбат көліктеріне шүйлікті, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мырзакент қаласы – шамамен бір жыл бұрын су басып қалған Мақтаарал ауданының орталығы. Блогерлер қала әкімдігінің алдында тұрған қымбат көліктеріне назар аударыпты. Айтуларынша, олар халықтың ақшасы қайда кеткенін анықтағылары келген.

«Әкімдік – қазақстандықтардың мәселесін шешумен айналысатын атқарушы билік, халық қызметкерлері. Біздің ойымызша, ел басына күн туған сәтте әкімдіктегілердің қымбат көлік мініп, шалқып жүруі – орынсыз. Біздің төлейтін салығымыз шенеуніктердің ыңғайлы орынмен қамтамасыз етілуіне жұмсалуын қаламаймыз», — дейді блогерлер.

Бұл ретте, видео авторлары мемлекеттік қызметкерлерге қарапайым көлікпен жүруге кеңес берді.

[:]