[:kz]
Бүгін, 1 шілдеде белгілі дінтанушы ұстаз Әбдіғаппар Сманов 50 жасында дүниеден озды. Желіде дін қайраткерінің соңғы аудиожазбасы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аудиожазба Instagram желісіндегі «Қазақша дұғалар» парақшасында жарияланды. Өз сөзінде дінтанушы өзі «Қайреке» деп атаған азаматтан батыл-батыл сөздер айтуын сұрайды. «Ассалаумағалейкум, рахматтулахи баракатух. Қайреке, қалай, амансыз ба, денсаулығыңыз жақсы ма? Үй-іш, бала-шаға бәрі аман ба? Қайреке, әлбетте, бәрі Алладан.
Бірақ, сіздің бір дуалы сөзіңізге мұқтажбыз қазір. Әлжаппар аға ауруханаға түсіп қалған, кеше анализі дұрыс шыққан жоқ. Батыл-батыл сөздеріңіз қажет болып тұр. Қайреке, естен шығармастан айтыңызшы. Білесіз бе, Қайреке, біз судың ортасында тұрмыз. Менің де жағдайым жақсы емес. Мені қойыңызшы, ол кісі кеме ғой.
Бір батыл, мықты-мықты сөздеріңізді айтып, бір жәрдеміңіз керек. Алла жар болсын!»,- дейді ол аудиода. Дінтанушының жаназасы бүгін сағат 19:00-де өтеді. Айта кетейік, Абдуғаппар Шәкірұлы Сманов 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. 1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы «Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары, 2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған. 2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры қызметін атқарған.
kaz.nur.kz/1863012-sudy-ortasynda-trmyz-zelide-bdigappar-smanovty-sogy-audiozazbasy-tarady.html
[:]