АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сүйем деген сөздерің қайда»: Сәдуақасованың әсерлі жазбасы елді алаңдатты[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті жазба жариялап, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Олар махаббатқа туралы әсерлі өлең жолдарын ел назарына ұсынған өнер иесінің отбасы үшін аса қатты алаңдап жатыр. Оқырмандар ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуінен қорқады деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Мадина Сәдуақасова өзінің белсенді жанкүйерлерін тағы да уайымдатып қойды. Бұл жолы ол махаббат пен сезім жайында жазылған әсерлі шумақтарды жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды.

Желі қолданушылары өлең жолдарын оқып, әншінің жолдасымен қарым-қатынасына асқан алаңдаушылық білдірді. Олардың пайымдауынша, эстрада жұлдызы бұл әнімен күйеуі екеуінің арасы суып кеткенін меңзеп отыр.

Махаббатпен мұңдасатын, Сырласатын түндер қайда?

Сен мен үшін,

Мен сен үшін,

Ең жақын болған күндер қайда?

Сүйіп қалып,

Күйіп жанып өртенетін кездер қайда?

Ақ сезіммен,

Пәк сезіммен сүйем деген сөздерің қайда?» , — деп жазған Сәдуақасова Instagram парақшасында. Желідегілер ерлі-зайыптылардың арақатынасына дақ түскенін әншінің демалысқа аттанған кезінен бері сезіп қойды. Олар өнер иесінің Мысыр еліне ұлы мен туған сіңлісімен барғанын қатты таңғалған болатын.

Оған қоса, Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде екі ойлы және аса мұңды жазбалармен жиі бөлісетін болған. Эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның күйеуінен ажырасып кеткенін болжауда. Алайда, бұл ерлі-зайыптылар бұл қауесеттерге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Олар бұл ақпаратты не растаған жа, не теріске шығарған да жоқ.

 

[:]