[:kz]
Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Даррен Диц өзінің сүйіктісімен түскен суретін жариялады. Ғашықтардың бірге түскен суреті желіде қызу пікірталас тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Даррен Дицтің сүйіктісі – Іңкәр есімді қазақ қызы.
Ғашықтардың суретіне желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр. «Неткен әдемі жұп», «Алла екі жасты бақытты қылсын», «Кімде ақша көп болса, қыздар да сол жақта», «Бақытты болыңдар» деп жазды желідегілер. Айта кетелік, Даррен Диц 1993 жылы Канадада дүниеге келген. Хоккейден әлемдегі ең үздік команда саналатын Канада сапына Даррен өткен жоқ. Ол 2017 жылдан бері «Барыс» клубында ойнайды. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтығын қабылдап, ұлттық құрама сапында екі бірдей әлем чемпионатына қатысты. В дивизонындағы чемпионатта командамен бірге жеңімпаз атанса, Латвияда өткен элиталы командалар арасындағы әлемдік сында топтық ойынға қатысты.
Ал Дарреннің сүйіктісі Іңкәр туралы қосымша мәліметтер жоқ. Бұған дейін Даррен Дицтің қанша жалақы алатыны белгілі болды. Ол жылына 579 миллион теңге қаражат табады. Бұл сома қазақстандықтардың ашуына тиіп, көпшілік легионер споршылардан бас тарту керектігін де айтқан болатын. Бүгінде Даррен Диц Қазақстанның мәдениетімен танысып, ел аймақтарын аралап үлгерді. Ол киелі Түркістан қаласында болып, Қазақстанның рухани астанасы туралы мағлұматтар алған болатын. Сондай-ақ, ол сұхбаттарының бірінде Канада намысын қорғасам деген арманы орындалмағанын айтты.
[:]