[:kz]
Ақтөбе облысында ер адам екі әйелден зорланған, оқиға кезекті қыдырыстардың бірінен кейін болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Араққа тойып алған жігітті екі қыз жетектеп әкеткен. Көлікке отырғызып, бос пәтерлердің біріне әкеліп, ойларына келгенін істепті.
Оның айтуынша, сол күні есі кіресілі-шығасылы болған. Жақын таныстарының отырысында қалай мас болып қалғаны белгісіз. Есінде қалғаны, бойжеткендердің бірі айналып келіп, бетінен сүйе беріпті.
«Оянсам, үстімде түк киім жоқ. Киімдерімді қалай шешкенімді өзім білмеймін. Әйтеуір, еміс-еміс есімде қалғаны, екі қолтығымнан екі қыздың сүйреп келе жатқаны. Бес қабатты үйдің бесінші қабатына дейін сүйреп әкеліпті», — дейді жігіт.
Айтуынша, оянғаннан кейін дереу айнаға қарайды.
«Бет-аузымнан түк қалмаған, қыздар сүйіп тастаған. Басқасын айтпай-ақ қояйын. Қыздардың иіс суының иісі, одан қалды алкогольдің иісі мұрын жарып барады. Жуынып-шайынып болған соң, пәтерден кетіп қалдым. Мен шығып бара жатқанда олар ессіз ұйықтап жатқан еді», — дейді жігіт.
Ақтөбеде осыған ұқсас оқиға бұрын болған. Бір жігіт екі қыз үйіне шақырып алып, үйіндегі үш ірі денелі жігіт оны жібермей, тұшпара түюге міндеттеп қоятыны туралы жаңалық тараған. Үш күн бойы тұшпара түйген жігітті қыздар әрең жіберіпті.
Дереккөз: @nonamestan телеграм каналы.
[:]