АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сұлулық салонында істейтін әйел жоғалып кетті[:]

[:kz]

Алматы облысында 40 жастағы Батура Мамедовадан туыстары екі аптадан бері ешқандай хабар ала алмай отыр.

Сұлулық салонында косметолог болып істеген әйелдің мойнындағы қымбат алқасы мен үнемі сөмкесінде алып жүретін қомақты қаражатына бола қылмыскерлердің құрбаны болды ма деп туыстары алаңдаулы.

Көкқайнар ауылының тұрғыны соңғы рет үлкен қызына хабарласып үйіне бара жатқандығын ескерткен. Содан бері ешқандай ақпарат жоқ.

Ал, сұлулық салонының қызметкерлері оның күнделікті уақытында үйіне қарай бет алғандығын айтып отыр.

Маржан Рысқалиева, сұлулық салонын қызметкері:

— Ол жұмыстан ерте кететін. Біз 10-да шықсақ, ол шамамен 8-де жұмыстан шығады. Сол күні 8-30-ға дейін сұлулық салонының жиналысына байланысты кешігіп шықты. Бейнебақылау камераларынан көрсек, бірінші дүкенге кіріп, содан кейін автобусқа отырып кеткен. Осыдан кейін ешқандай хабар алған жоқсыз.

Туыстары Батура Мамедова тік мінезді екенін айтуда. Бәлкім біреумен шекісіп қалуы да мүмкін екендігін алға тартты. Алайда, жұмыс пен үйдің арасындағы бір жарым сағаттық жолда қандай жағдай боп қалуы мүмкін екендігін әлі күнге дейін білмей дал.

Қазіргі уақытта екі қызы мен туыстары ауыл маңын және көрші елді-мекендердің барлығын аралап шыққан. Бірақ, еш нәтиже болмай отыр. Енді еріктілер де Батураны табуға көмектеспек.

Сонымен қатар, бірден арыз жазған туыстары ең елғаш бұл іспен Түркісіб ауданының ішкі істер бөлімі айналысып, енді іс Алматы облысындағы құзырлы орындарға тапсырылыпты деп отыр.

Гүлімзат Гадирова, туысы:

— Полиция бізге кәмелеттік жасқа толмағандарды жылдам, ересектерді үш күннен кейін ғана іздейміз деп айтты. Себебі, үлкендер туған күн немесе өздерінің шаруаларымен байланыссыз болып қалуы мүмкін екендігін де жеткізді. Алайда, үш күннің ішінде біраз дүниенің өзгеретіні белгілі. Енді міне екі аптадан астам уақыт өтті Батурадан ешқандай хабар жоқ.

ktk.kz

 

[:]