[:kz]
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасованың туған сіңлісі өзін көбіне жұлдызды әпкесімен шатастырып жататынын айтты. Жәния Сәдуақасова халықтың көңілін қалдырмас үшін әнші әпкесінің орнына қолтаңба беріп, оның жанкүйерлерімен суретке түсетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ «Дастархан Show» бағдарламасына сілтеме жасап
Жәния Сәдуақасова бұған дейін жұлдызды әпкесімен бірге сахнаға шығып, өнер көрсеткен. Олар көрерменді шатастыру үшін арнайы қойылым ойнаған болып шықты.
Алайда, содан кейін әншінің сіңлісі өзіне енді халық алдына шықпауға уәде берген. Белгілі болғандай, Жәния өнер саласынан мүлдем алыс. Ол банк қызметкері екен.
«Мадинамен бірге сахнаға шыққанмын. Халықты шатастыру үшін қойылым ойнадық. Бірақ, ол менің сахнаға соңғы рет шыққаным болды. Қатты қобалжыдым. Халық алдында өнер көрсету менің ісім емес. Мен банк саласында қызмет етемін. Халық бізді қатты ұқсатады. Мадинаның орнына қолтаңба беремін, суретке түсемін. Тоқтатып алады. Мені Мадина екен деп жатады.
«Сізбен суретке түсуге бола ма?» деп айтқанда түсіп аламын» , — деді Жәния Сәдуақасова. Еске сала кетейік, Мадина Сәдуақасова өз мінезінің жаман жақтары туралы бар шындық айтқан болатын. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!
[:]