АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сыныптастары оқушыны «Животное 100 мың теңге» деп 4 қабырғасын сындырып, сатпақ болған[:]

[:kz]

Қысқасы, әлеуметтік желіге Исламның суретін қойып, «жануар сатылады» деп хабарлама қалдырған ғой. Оны мектептің бәрі көріп үлгерген. Түрлі пікір жазған, тіпті мүшелеп сатып алуға бола ма деп ұсыныстарын айтқан. Енді бала мектепке барудан қалды.

Сыныптастарын келеке етіп, малға теңеп, сатып жібермекші болған оралдық оқушылар іздестірілуде. Анасының айтуынша, ұлына қатарластары қысым көрсетіп, ақша бопсалап, денсаулығына нұқсан келтірген көрінеді. Тіпті, суретін танымал отандық сайттардың біріне жариялап жіберген екен. Құзырлы органдарға шағымданғанмен еш нәтиже көрмеген. Амалы таусылған анасы Евразия арнасына хабарласып көмек сұраған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, арна дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, ұлын сыныптастары ұрып-соғып, төрт қабырғасын сындырған, одан қалды күніге ақшасын бопсалаған. Енді баласы мектепке барудан қалып, жекеменшік орталықтарда оқып жүрген көрінеді.

«Негізі менің баламды 5 жылға есепке алған еді. Эпилепсия деген ауруымен. Оны кейін 3 жылдан кейін есептен шығарды. Білмеймін айта алмаймын», — дейді анасы.

Ананың көз жасына ерік беруі түсінікті. Өйткені талма ауруынан сауығып, денсаулығы дұрыстала бастаған баласының өмірі енді жақсара ма деп еді. Болмады. Өз сыныптастары күн көрсетпепті. Ата-анасы тамағына, жолына, керек-жарағына беретін ақшасын күніге бопсалаған, бермесе сабақтан кейін аямай ұрып-соққан. Бір апта, бір ай емес, жарты жыл бойы.

«Сабақтан кейін мектептің қасындағы дүкенде күтіп алған екі бала, соның біреуі соққыға жыққан. 4 қабырғасын сындырды, қос аяғымен басынан секірген. Мен прокуратураға бардым. Бәріне арыз қалдырдым. Енді мүлдем ешқандай жауап жоқ», — деді анасы.

Алайда жәбірленуші баланың анасы бірден арыз жазбапты. Балалық шығар деп талай рет кешіріммен қарап, әлгілерді аяған. Бұзақы болса да, тәртіп бұзса да, баласын ұрса да, болашақтарына балта шаппайын депті. Бірақ, мына бір оқиға ашуына қатты тиген.

«Әлеуметтік жүйе дей ме, соған баланың фотосын салып жіберген. Астына жазып жіберген: «Животное 100 мың теңге» деп. Баламның фотосын рұқсатсыз қойған. Екіншіден, намысына тиіп тұр. Үшіншіден, келмеждеп тұр. Анда қанша пікір жазып жатыр. Соның барлығы баланың намысына тиеді ғой», — деді анасы.

Қысқасы, әлеуметтік желіге Исламның суретін қойып, «жануар сатылады» деп хабарлама қалдырған ғой. Оны мектептің бәрі көріп үлгерген. Түрлі пікір жазған, тіпті мүшелеп сатып алуға бола ма деп ұсыныстарын айтқан. Енді бала мектепке барудан қалды. Сыныптастарының көзіне көрінбеу үшін ақша төлеп, жеке меншік орталықтарына барып оқып жүр. Бірақ, Ислам әлгі бұзақыларға емес, анасына ренжулі. Арыз жазбағаныңда, бәрі дұрыс болар ме еді деп. Алайда, айтып айтпай не керек?  Арыз жазылды, оны полицейлер қарады, бірақ іс сол күйінде қалды.  

«Бұл факті деген полиция бөліміне ресми тіркелді. Қаралды. Алайда бұл факті бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты материал істен шығарылды», — деді қалалық полиция департаментінің абспасөз хатшысы Гүламан Смағұлова. 

Бұл істен қалалық білім басқармасы да таныс. Бірақ,  сөздерін тыңдасаң, бәрі керемет, күшті, былай айтқанда шындықтан әлдеқайда алыс. Сыныптастары баланы ұрып, қабырғасын сындырып, күн көрсетпей жүргендерін білмейді де.

Қалай болғанда да, баланы ұрып-соғып, келемеждеп, мазақ еткендер Исламнан да, анасынан да бір кешірім де сұрамапты әлі. Олардың ашуына тиіп жатқаны да осы. Сондықтан бұл отбасы тиісті  оқушылар жазаланбай, оңай беріле салмаймыз деп отыр.

[:]