АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тағы бір қазақстандық хакер Американы аяғынан тік тұрғызды[:]

[:kz]

Хакердің әрекетінен алты құрлықтағы 30 мемлекет пен жүздеген компания зардап шеккен.

Киберқылмыс әлеміне Эф-икс-эм-эс-пи лақап атымен танымал Андрей Турчин бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп қамауға алынған.

Atameken Business теларанасының хабарлауынша, АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Қазақстан азаматына қатысты ақпарат Вашингтон Әділет департаментінің сайтында жарияланған.  Онда Турчин мен оның сыбайластары 2018 жылы ғаламтор қолданушылардың жеке бас ақпараттарын ұрлап, артынша өзге хакерлерге сатқаны жөнінде жазылған. 

Қылмыстық топтың әрекетінен алты құрлықтағы 30 мемлекет пен жүздеген компания зардап шеккенін мәлімдеген. Киберқылмыскерлер құнды деректерді 1 мың доллардан бастап, 100 мың долларға дейінгі соммаға саудалап келіпті. Кінәсі дәлелденсе Андрей Турчин қалған өмірін темір торда өткізуі әбден мүмкін.

 Skifnews.kz ақпарат порталы

[:]