АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тағы жарылды»: Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды (видео) [:]

[:kz]

Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары ағымдағы жылдың тамыз айындағы жарылыстар болған жерде тағы жарылыс орын алғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін 10 қазанда таңғы сағат 07:20-да шамасында Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бұрын өрттен зақымданған жарылғыш зат іске қосылған

«Жарылыс салдарынан сынықтар мен қалдықтар алысқа ұшпаған. Жарылыс кезінде жұмыс тоқтап тұрған, әскери бөлімнің аумағында адамдар болмаған және зардап шеккендер жоқ. Ғимараттар мен құрылыстарға ешқандай зақым келген жоқ. Аудандағы жағдай тұрақты», – делінген қорғаныс министрлігі хабарламасында. Оған қоса, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталануы да мүмкін екені атап өтілді. Сонымен қатар, қойманың аумағында оқ-дәрілерді бақылауда жою жүргізіледі.  «Қазіргі уақытта 26 тамызда өрт болған техникалық аумақты жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда», – деп түсіндірді ведомствода. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған

/kaz.nur.kz

 

[:]