[:kz]
Павлодар облысының тумасы, өнерпаз, блогер Алексей Лодочников Қазақстанға көшіп келе жатқан Ресей азаматтарына Instagram-дағы парақшасында видеоүндеу жолдап, мемлекеттік тілде амандасып, сөйлеуді үйрену керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбада блогер «Здравствуйте, салам» емес, «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу керектігін, Қазақстанның валютасы «тэнгэ» емес, «теңге», ал Президенті «Такаев» емес, «Тоқаев» деудің дұрыс екенін айтқан. Сондай-ақ ол жазбаның астына көп адамның өзіне хабарласып, қазақ тілін үйренуге ниеттеніп жатқанын атап өтті.
Оған aleksandrbaev1904 аккаунтын қолданушы жауап та жазған.
«Googl Play-ді жүктеп алдым. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер Tilqural-ды жүктеп алса болады. Өте жақсы», – деген жазба қалдырған ол.
[:]