[:kz]
Мәскеу қаласында қырғызстандық такси жүргізушісі жолаушының автокөлікте қалып кеткен әмиянын кайтарып беру үшін оны сегіз сағат күткен. Бұл оқиғаны әмиянның иесі Варя Кузнецова өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оның мәліментіше, ол Мәскеу әуежайына таңғы сағат 5 кезінде ұшып келіп, үйіне таксимен жетуді шешеді. Үйге жете салысымен ұйықтап қалған әйел ояна салысымен барлық құжаттары болған әмиянын таксиде ұмытып кеткенін түсінеді.
Мұны білген ол бірден банк карталарын бұғаттамақ болады. Бұл кезде қыздың әкесі терезеден үйдің маңында тұрған такси жүргізушісін көріп, сол болар деп ойлайды.
«Аулаға жүгіріп шығып, такси жүргізушісін бірден таныдым. Ол мені іздеп, маңайдағы адамдардан мен туралы сұрапты», – деп жазады Варя.
Такси жүргізушісі бойжеткенге оны күтемін деп қатты тоңып қалғанын айтады.
«Екеуміз де жыладық. Айналамызда бізге таңырқай қарағандарға мән берместен оны құшақтап алдым. Ал ол болса қатты тоңып қалыпты, әрине, қараша айының ортасы, Мәскеу қаласы. Алғашында жүргізуші мені такси қызметін ұсынатын компания арқылы іздемек болған. Осылайша таппағандықтан мені үйімнің қасында күткен. Тіпті түскі ас ішкенін де білмеймін. Дегенмен, ішкен шығар деген ойдамын», – дейді қыз.
Қуанғанынан есі шыққан қыз тіпті жүргізушінің есімін де сұрамаған екен. «Осындай жақсылық жасағаны үшін оған бес есе ақша төледік. Өйткені ол мені күтіп, жұмысынан қалған. Оған деген алғысым шексіз, осындай баланы тәрбилеген ата-анасы керемет жандар», – деп жазды Кузнецова.
stan.kz
[:]