АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талай аруды ғашық еткен отандық актер ресейлік қызбен көңіл қосты (фото)[:]

[:kz]

Атышулы «Тағдыр бекеті» фильмінде басты рөлді сомдаған отандық жас актер сүйіктісін көрсетіп, елді таңырқатты. Талай арудың арманына айналған Асқар Ильясовтың жүрегін орыс қызы жаулап алған болып шықты. Сүйікті актерінің басы бос емес екенін білген бойжеткендер жүректері жараланғанын жарыса жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Асқар Ильясов сүйіктісі бар екенін Instagram желісіндегі парақшасында өзі жария етті.

Отандық фильмдерде бой көрсетіп, танымалдылыққа ие болған актер ғашығына жүрекжарды жазба арнап, оған деген ыстық сезімін білдірген.«Біз екеумізде ортақ нәрселер өте көп. Сенімен мақтанамын. Саған шыдамдылығың, нәзіктігің, қамқорлығың мен махаббатың үшін рахмет» ,- деп жазған ол.

Таңдауы орыс қызға түскен жас актерге қатысты желідегілердің пікір екі түрлі болды.

Көпшілігі Асқарға бақыт тілеп, махаббатарының баянды болуын қалайтынын жазды.

Тағы бір пікір білдірушілер актердің өзге ұлт өкілімен көңіл жарастырғанына ренжіп, наразылықтарын білдірген.

«Қазақ жігіттеріне қайран қаламын деп осыдан айтады екен ғой», «Көзіне түскені осы болғаны ма? Әдемі қазақ қыздар толып жатыр ғой» , «Жүрегімді жараладың, бұл қалай болғаны?» , «Өте өкінішті айтарға сөзім жоқ. Жаным ашып тұр» , — деп жазды желідегілер.

[:]