[:kz]
«Балдарды снегоходпен жіберейін деп жатырмыз, Алғаға қарай. Кешке той, жете алмай жатырмыз».
Ватсап желісі арқылы Ақтөбе облысында түсірілген видео тарады. Кадрда жас жұбайларды тойханаға қаркешкішпен (снегоход) шығарып салды. Ал камераны ұстаған әйел видеоны естелік үшін түсіріп тұрғанын айтуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қаркешкіш жүргізушісі қызметі үшін 10 мың теңге алып, «пойдет» деп қояды.
«Балдарды снегоходпен жіберейін деп жатырмыз, Алғаға қарай. Кешке той, жете алмай жатырмыз. Екеуін жіберейін деп жатырмыз… Мынау естен кетпейтін болды (күледі – авт.). 10 мың беріп жатыр. «Пойдет» дейді. Мә, күйеу бала мен қыз қайда? Маска киіп алыпты күйеу бала. Күшті ғой осының өзі. Ертең жібереміз ғой. Қасқа, жаным, сары қыз…», — деді камераға түсіріп тұрған әйел.
Видеода шананы дайындап жатқан үлкендер арасынан «Талай тойды көріп едім, мұндайды көрмедім» деген дауыс та естіліп жатыр. Олар екі сөзінің бірінде «Қасқа!» деп қойып, ырду-дырду боп қиқулап жүріп, жас жұбайларды шығарып салды.
[:]