АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Талғамсыз»: Айсәуле Бақытбек кәсібіне өз есімін беретін жұлдыздарды сынға алды[:]

[:kz]

Айсәуле Бақытбек жақында жеке кәсібін бастап, сұлулық салонын ашты. 23 жастағы бойжеткен сұлулық орталығына өзгелер секілді өз есімін бермеген. Айсәуленің айтуынша, тек талғамсыз жұлдыздар солай жасайды екен.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды. 

«Елдің бәрі атауы неге SASS деп сұрап жатыр? Ais деп қойғаның дұрыс еді дейді. Меніңше, тым қарабайыр. Біздің медиа тұлғалар салон ашып, оған өз есімдерін береді. Кірсең, 5 метр болып суреттері тұрады. Бұл бір сандырақ, талғамсыздықтың белгісі», — дейді Айсәуле.

Сұлулық салонына өз есімін бергендердің бірі — Айдана Меденова. Ол Айсәуленің пікірімен келіспейді. Дипломы бар дизайнер ретінде бұған қатысты өз айтарым бар, дейді ол. 

«Салондар өте көп қалада. Кейде менің фотоларым мүлдем басқа салондардың сыртында ілініп тұрады. Талғамсыз деп айта алмаймын. Фотоның сапасы жақсы болса, идеясы әдемі болса, неге салмасқа? 

Мүмкін уақыты келгенде фотомды алып тастаймын. Біз клиенттерге қалай ыңғайлы, солай істейміз. Клиенттерге алыстан менің фотомды көріп, тауып келген қолайлы. Сондықтан біз клиенттерге бар жағдайды жасаймыз. 

Әр адамның өзінің ойы бар. Ешқандай реніш жоқ. Бірақ талғамға келетін болсақ, мен дизайнермін. Ол жай адам сияқты қарайтын шығар, өзінің ойына қарай жасағысы келді. Мен дизайнер ретінде қарап, өзім түсінетін болғаннан кейін жасадым», — дейді Меденова. 

 Stan.kz

[:]