АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Талғат Ермегияевтің түрмеде бокспен шұғылданып жүрген видеосы тарады [:]

[:kz]

 

 

Әлеуметтік желіде ЭКСПО-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ермегияевтің түрмеде бокспен шұғылданып жүрген видеосы тарады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды 

Виедоны көрген көпшілік соққыларының жойқын әрі жақсы қойылғанын бірден байқады. Соған қарағанда көптен бері шұғылданып жүрген болса керек.

Еске салсақ, Талғат Ермегияев 2016 жылдың 9 маусым күні 14 жылға сотталған. Ол қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағы (пара алу), 189-бабы 4-тармағы 2-бөлімі (өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша айыпталды.

Дегенмен Талғат Ермегияев ол кезде өзіне тағылған айыпты мойындамаған еді. 

 

Видеоны көрген көпшілік Талғат өзіне жала жапқандарды шыққан соң бір соққымен құлатуға дайындалып жүр ме деп әзіл пікір қалдырды. Кейбірі тезірек босап шығуын тіледі.

 

 

 
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]