[:kz]
Елдегі сәләфиттер басқа да фундаменталистік ағымдар ертең дәл осылай халифат құрамыз деп шықса, біз сияқты зайырлы қоғамда жүргендерге қиын болады!
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ел билішін Ауғанстандағы жағдайдан сабақ алуға шақырды. Заңгердің айтуынша, Талибандардың діни ұстанымы ханафи дегенімен, заты сәләфизм идеолгиясынан сусынданған ұйым болып саналады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Ауғанстандағы жағдай бізге сабақ болу керек!
Бейбіт елдің қадірін көрші елдегі жағдайға қарап түсінесің! Ауғанстан діни ағымға жол беріп, халықты қараңғылықта ұстап, жемқорлықты дамытып алды.
Ел басқарып отырған президенті ұшаққа мінді де ұшып кетті. Президентінен үміт күткен халық ұшақ қанатына жармасқан күйі қалды. Осының бәрін көріп отырып елдің болашағын ойламау мүмкін емес!
Талибандардың діни ұстанымы ханафи мәтуриди дегенімен, заты сәләфизм идеологиясынан сусынданған ұйым!
Елдегі салафандар, басқада фундаменталистік ағымдар ертең дәл осылай халифат құрамыз деп шықса, біз сияқты зайырлы қоғамда жүргендерге қиын болады!
Білімі, ғылымы сатылған ел қараңғылыққа беттейді!
Білім, ғылымды бірінші орынға қойып, елдегі білімді жастарды өзімізде алып қалудың барлық жолдарын қарастыру керек!
Қараңғы халық басқаруға жақсы демекші, дамыған елді бізге ешкім жасап бермейді.
«Иманды ұрпақ көбейсе елдің болар тірегі» демекші ұл-қыздарымыздың әлеуметтік желілердегі материалдарына, оқитын кітаптары мен достарына мән беріп, дұрыс тәрбиесіне қарау баршамызға міндет!», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
[:]