[:kz]
Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
«Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин өзінің YouTube арнасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің екі жылдығына арналған авторлық бағдарламаны жариялады. «Қазақстан Ресей мен Қытай арасында. Президент Тоқаевтың 2 жылындағы » деректі бағадарламасында ол Қазақстан басшысының саяси бағыты туралы өз көзқарасымен бөліседі. Автор Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісіп, президентпен болған кездесулер туралы өзінің жеке әсерімен бөліседі, — деп нақтылады Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
«Сенімді көршің болғаны жақсы. Көршіні бағаламау дұрыс емес. Біз талқылауымыз керек бір ауыр мәселе бар», — деді Млечин.
[:]