АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Талып қалған ба?»: жолдың үстінде етбетімен жатқан Гүлназ Жоланованың қылығын жұрт түсінбей жатыр[:]

[:kz]

 

«Талып қалған ба?»: жолдың үстінде етбетімен жатқан Гүлназ Жоланованың қылығын жұрт түсінбей жатыр

Белгілі актриса Гүлназ Жоланованың өзінің жолдың дәл ортасында етбетімен жатқан фотосын жариялалаймын деп оқырмандарынан оңбай сын естіген. Гүлнәз ханым әлеуметтік желі бетінде қызу талқыға түсіп жатқан фотосын әзіл ретінде жариялағаны белгілі. Бірақ, көпшілік оның бұл әрекетін ерсілікке балап, сынның астында қалдырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Гүлназ Жоланова Instagram парақшасында өзінің тас жолдың қақ ортасында етбетімен жатқан фотосымен бөлісті. Белгілі актрисаның суретті түсірерде арнайы дайындалғаны да көрініп тұр. Оған жолда жатқан құлаққап, орамал, сөмке мен су бөтелкесі дәлел болмақ. Желі қолданушылары бірден өнер иесінің жазбасын қызу талқыға алып, оған қатысты өз ой-пікірлерін айтқан. Кейбірі Гүлназ Жоланованың қалжын ретінде түсірген фотосын түсінген болса, енді бірі оның қылығын аса ерсі санап сынап тастады», — деп жазған nur.kz порталы. 

Оған қоса, олар суреттің Медеу жақтағы жолдың бойында жасалғанын айтуда. «Не жатыс сіздікі? Тұрсаңшы!» , «Қирап, шаршап қалыпсың ғой», «Не деген тапқырлық!» , «Әбден күліп алдым», «Атың шықпаса жер өрте, енді не істерлерін білмей жүр», «Талып жатырсыз ғой», «Спортқа жанын беретін ару, шыңдарды бағындыра бер», «Ерке Есмахан секілді етбетімен жатып қалыпсыз», «Осы челлендждер кесірінен қыздарымыз өзіне жат әрекеттер жасайтын болған», — деп жазуда көпшілік. 

 

 

 

[:]