АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тамақ үшін 63000 теңге төлейміз»: Айқын «Эйр Астананың» бағасына шүйлікті[:]

[:kz]

Әнші Айқын Төлепберген отандық «Эйр Астана» әуе компаниясның ұшағын сынап тастады. Әнші өзінің назын Instagram желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Әнші «Эйр Астана» ұшағындағы бағаларға разы емес екенін айтты. Өз есіміне лайықпын деген эстрада жұлдызы бұл мәселеге келгенде үндемей қала алмаймын дейді.

«Адамдарға бизнес-класс түріндегі билеттерді сатып, эконом-класстағы сияқты орындықтар орнату заңсыз. Яғни, орындықтардың еш ерекшелігі жоқ, бірақ 92400 теңге тұрады. Ал эконом-29000 теңге! Сонда тек асы ғана өзгеше және біз тамақ үшін 63000 теңге төлейміз! Онда алдыңғы орындарды украиналық әуе тізбегіндегідей комфорт-класс деп атап, арзандау бағамен сатыңыздар. Немесе Скат, Бек Эйр және Fly Arystan сияқты 5-10 мың теңге ғана айырмашылық жасаңыздар!

Мұндай жайлылық пен қызмет үшін 92400 теңге сұмдық! Айтпақшы, Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінде айырмашылық 68 мың теңгені құрайды. Мен 13 жыл эконом-класспен ұштым, қазір арасында ғана ұшамын. Аптасына 4-6 рет ұшқанда, жайлы болғанын қалайсың», — деп жазды ол.

«Эйр Астана» әкімшілігі Айқын Төлепбергенге әлеуметтік желіде жауап қайтарды.

«Қайырлы кеш! Ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз! Қазіргі уақытта әуе компаниясы европалық бизнес-классты сынақтап өткізіп жатыр. Біз сіздің өтінішіңізді басшылыққа жолдаймыз және ұсынылған өзгерістердің мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», — деді «Эйр Астана».

Айта кетейік, отандық әнші осыған дейін арзан билет ұсынған әуе компаниясын сынап тастаған еді.

 
  

[:]