АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Тамара Асар бәрімізді ойландырды»: Жазира Байырбекова қырықтан асқан келіншектерге ой тастады[:]

[:kz]

Танымал әнші Тамара Асардың қырықтан асқан шағында сәбилі болуы оның өнердегі құрбылары мен әріптестері үшін үлкен қуаныш болғаны жасырын емес.

Солардың бірі — Жазира Байырбекова.

Құрбысының бұл жаңалығын әнші ерекше ықыласпен қабыл алған. Күні кеше екінші мәрте тұрмыс құрған Тамара Асар Instagram желісінде ана атанғанын жазып, елден сүйінші сұраған болатын.

Кішкентай қызының есімін әнші Ажар деп қойғанын да жеткізген.

Әншінің өміріндегі бұл айрықша оқиғаға бірінші болып қуанғандардың бірі Жазира Байырбекова болды. Ол өзінің желідегі парақшасына астарлы жазба жариялап, қырықтан асқан әйелдерді Тамарадан үлгі алуға шақырды.

«Тамара Асар көбімізді ойландырып, қиялдандырып қойды, иә, қыздар?! 40-тан асқан қыздарға айтам. Тамара үшін шын тілегендердің бірі едім. Қатты қуанып тұрмын!», — деп қуанышымен бөлісті әнші. 

Еске салсақ, биыл Тамара Асар кәсіпкер азаматқа тұрмысқа шыққаны белгілі болған. Бұл жаңалықты барша жұртшылыққа Айгүл Елшібаева жеткізген-ді.

Айта кету керек, Жазира Байырбекованың да қызы Дараны дүниеге әкелгеніне көп болған жоқ. Жуырда әнші екі жастан асқан кестетігерінің тұсаукесерін қазақы нақышта өткізіп, ел назарына түскен еді.

kaz.nur.kz

 

[:]