АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тамара Асар концерт кезінде тайып құлап, өздігінен тұра алмай қалды[:]

[:kz]

Әнші Тамара Асар  концерт кезінде сахнаға шығысымен құлап, өздігінен орнынан тұра алмай қалды, деп жазды KYN.KZ.

Әнші ыңғайсыз жағдайға қалып қалғаннан кейін көпшілік жағдайды түсініп, алаңдаушылық болмасын деген оймен алдыңғы қатарда отырған адамдардан көмек сұраған.

Залдың бірінші қатарында отырған Мейрамбек Беспаев әншінің ыңғайсыз жағдайға қалғанын бірден түсінсе керек, секіріп шығып Тамара Асарды орнынан тұрғызып алған.

 
 

Ал әнші болса көпшілікке жағдайды аңғартпау үшін күліп, әртістігін пайдаланып әнін орындай жөнелген. Айтуынша туфлиінің тақасы тайып, көйлектің астындағы аяғы майысып кеткен.

Тұрайын десе екінші аяғының қайырылып қалған жері ауыр жарақат алатынын түсінген. Әнші аяғы қанша ауырып тұрса да әнін жоғары деңгейде орындап, билеп жүріп өнерін көрсеткен.

«Біреу сіздерге айтқанша өзім айтайын. Өзге емес өзім айтам өз жырымды. Сахнада аяғым тайып құладым. Көпшілікке білдірмеу мақсатында алдыңғы қатарда отырған жігіттерге қарап қолымды созаберіппін.

Мейрамбек бірден түсініп, жүгіріп келіп орнымнан тұрғызып, бетімнен сүйіп жатты. Аяғым қайырылып жылап жібере жаздадым.

Өзімді халық деген құдыреттің алдында ұстауыма тура келді. Әйелдерге тән қылық пен жаттықтырушы үйреткен амалдар, әртістің өнердің барлығы мен осы жағдайда мәселені бетіме шығармауға көмектесті. Концертте болған көрермендерімнен ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұраймын»,-дейді әнші.

kyn.kz

[:]