[:kz]
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық… Бірақ қанша ерте тұрсақ та, уақытымызды зая кетіріп алатын кездер болады. Мысалы, әлеуметтік желіден жаңалық қарап шығайын дейміз де, кеткен уақыттың есебін білмей қаламыз. Ал сіз 8-ге дейін қаншама іс тындыруға болатынын білсеңіз, енді олай істемейсіз! Ал кеттік!
Қазір адамның бір орнында отырып, қиялдайтын заманы емес. Қазіргі кезең – есіңді жиып, арманыңа бағыт алып, өзіңді жетілдіретін, болашағың үшін еңбектенетін уақыт. Сол үшін, арманыңды көз алдыңа әкеліп, мақсатыңды айқындап алғаннан кейін, арнайы жоспар құру керек. Сол күнделікті жоспарлар іске асу үшін, біз ұсынған 7 істі оңай істейтін боласыз.
Ұйқыны қандыру
Ұйқының қануы маңызды. Біз дұрыс тамақтануға қалай көңіл бөлеміз, сол сияқты дұрыс ұйықтап, дұрыс оянуға да ерекше көңіл бөлгеніміз абзал.
Дұрыс ұйқы:
- есте сақтау қабілетті жақсартуға;
- өмірді ұзартуға;
- ойлау жүйені жетілдіруге;
- артық салмақтан жылдам арылуға және бұлшықетті күшейтуге (ұйқыға қоса жаттығу жасаған кезде);
- күйзелісті азайтуға көмектеседі.
Сол үшін ерте тұрғанның қызығын көрем десеңіз, уақтылы жатыңыз. Кемінде 8 сағат ұйықтау керектігін ұмытпаңыз.
Медитация жасаңыз және/немесе дұға оқыңыз
Ұйқыдан тұрғаннан кейін, адам өзін алдағы күнге дайындау керек. Ойын ретке келтіріп, бар ықыласын дұрыс арнаға бұру керек. Бұл үшін ең жақсы әдіс – медитация жасау немесе дұға оқу. Сізге қайсысы жақын соны таңдағаныңыз дұрыс. Бастысы – өзіңізге не керек екенін білсеңіз болғаны. Бұл әдіс арқылы біз алғыс айтуға, жақсылыққа бағыт алуға үйренеміз.
Жаттығу жасау
Біз денені шынықтыру керек екенін білсек те, көбіміз оған аса мән бермейміз. Егер сіз ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкіңіз келсеңіз, үнемі жаттығу жасауға дағдылануыңыз керек. Яғни, өзіңізді ынталандыратын бір себеп табыңыз .
Не үшін дейсіз ғой? Дене шынықтырудың оңтайлы әсері туралы өте көп айтылып, жазылып жүр. Оның ең қарапайым әсерін айтып өтсек те жеткілікті. Біріншіден, ол дененің сымбатты болуы, екіншіден, спортпен шұғылданғанда бөлінетін гормондардың әсерінен адамның кез келген күйзеліске төтеп бере алуы. Сонымен қатар спортпен жиі шұғылданатындар қызметте де көп табысқа жетеді деген дәлелденген пікір бар. Егер сіз өзіңіздің денсаулығыңызға мән бермесеңіз, онда өміріңіздің басқа салаларында жетістікке жету де қиындай түсетінін естен шығармаңыз.
30 грамм ақуыз жеу
Иллинойс Университетінің профессоры Дональд Лэйман (Donald Layman), таңғы асқа кемінде 30 грамм ақуыз жеуге ұсыныс береді. Сонымен қатар «Төрт сағатта мінсіз денелі адамға айналу» кітабының авторы Тим Феррис (Tim Ferriss) те ұйқыдан оянған соң 30 грамм ақуыз жеу керектігін айтады.
Тимнің айтуынша, оның әкесі осы тәртіпті ұстанып, бір айда 8,5 килограмға арықтаған. Ақуыз мөлшері көп тағамдар ұзақ уақытқа белсенді болып қалуға көмектеседі.
Салқын суға шайыну
Үнемі таңертең салқын суға шайынған адам өзін сергек сезінеді. Салқын судың көмегімен адам өзінің иммунитетін күшейтіп, лимфалық, қантамыз және ас қорыту жүйелерінің жұмысын жақсартады. Яғни, өмір сапасы жақсара түседі. Сонымен қатар ғалымдардың зерттеулері, салқын сумен шайынудың күйзелістен құтылуға дәрі-дәрмекке қарағанда тиімдірек екенін дәлелдеген. Салқын су адамның көңіл-күйін көтереді.
Өзіңді ынталандыру
Қарапайым адамдар өздерінің көңіл-күйін көтеру тәсілдерін іздейді. Ал сіз жаңадан бір нәрсені үйренуге талпынуыңыз керек. Жетістікке жеткен адамдар аптасына бір кітап оқуды әдетке айналдырған. Олар үшін ізденісті тоқтатпау маңызды. Сондықтан күнде таңертең жұмысқа немесе оқуға бара жатқанда 15 минут аудиокітап тыңдап үйреніңіз.
Өз өміріңізге баға беріңіз
Өзіңіздің барлық мақсаттарыңызды қағазға түсіру керек. Ал күн сайын таңертең сол мақсатқа сәйкес бірнеше минутыңызды сол күнгі жоспарды жасауға дағдыланыңыз.
Осы істерді бір апта жасап көріңіз. Өміріңіздің басқа арнаға қарай бет алғанын байқау қиын болмас. Себебі сіз енді өмір сүру сапасын бір саты көтердіңіз. Өйткені, сіз өзіңізді жеңе білетін, өзіңіздің әдетіңіз бен іс-әрекетіңізге жауап бере алатын адам қатарындасыз.
Источник anabol.kz
[:]