АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Танымал өзбек әншісі қазақ халқын қолдап, «Атамекен» әнін шырқады (Видео)[:]

[:kz]

Қалың көпшілікке танымал өзбек әншісі Джон Руми коронавирус инфекциясымен қарсы күресте Қазақстан мемлекетіне ерекше қолдау білдіріп, ел еңсесін көтерді

Өнер иесі желіде қазақ тілінде «Атамекен» әнін шырқаған. Көршілес ел жұлдызының бұл игі әрекеті халықтың ыстық ықыласына ие болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Джон Руми «Атамекен» әнін орындап жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Жас әншінің орындауындағы қазақ әні желі қолданушалыр жүрегіне жеткен. Олар өзбек жұлдызының игі пиғылына тәнті болып, оған өз алғысын жаудырған. Өнер иесі бұл әрекетімен бүгінде өршіп тұрған індетпен күресіп жатқан қазақ еліне рухани тұрғыда қолдау білдірмек болғанын айтады.</p >

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дорогой народ Казахстана. Мы все переживаем очень сложное время для всех нас. Как всем известно 2018 год был объявлен годом Узбекистана в Казахстане. 2019 — год был объявлен годом Казахстана в Узбекистане. К сожалению 2020 год начался с достаточно сложных испытании для планеты. Я как простой гражданин своей страны и как представитель культуры Узбекистана решил Вас морально поддержать. Спеть очень красивую песню на Казахском языке. ???? С уважением Джон Руми @tokayev_online @khabartv @informburo.kz @tengrinewskz @sayat88tss #kazakhstan #uzbekistan #johnroomy #вместемысила

Публикация от JOHN ROOMY? (@johnroomy)

«Қазақстандық бауырларым! Құрметті Қазақстан халқы. Қазір бәріміз басымыздан аса ауыр сынақты өткеріп жатырмыз. Барлығы білетіндей, 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланды. 2019 жыл керісінше, Өзбекстанда Қазақстан жылы болды. Алайда, 2020 жыл бұкіл жер шары үшін аса ауыр сынақтан басталды.

Мен өз елімнің қарапайым азаматы әрі Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде сіздерді рухани тұрғыда қолдағым келіп тұр. Қазақ тілінде аса әдемі әнді орындадым» , — деп жазды Джон Руми.

 

 https://kaz.nur.kz/1865657-tanymal-zbek-nsisi-kazak-halkyn-koldap-atameken-nin-syrkady.html

[:]