[:kz]
Өзі ай сайын бір млн теңге жалақы алып отырып, қазынаның əр тиыны үшін күреске түсті! Бюджетке жаны ашиды. Бейне бір Бердібек Сапарбаев мырза көп сəбилі отбастарын өзі асырап отырғандай əр сөзін нығарлай сөйлейді.
«Бес ғасыр жырлайдының» кебін киген көпбалалы аналарға жәрдемақы беру жыры әлі бітпеді. Түрлі өзгерістер енгізіліп, үлкен отырыстар өткізілгенімен әлеуметтің әлеуетін көтереді деп үміттенген қаржылай қолдаудың тиын-тебені көпшіліктің көңілін көншітпей тұрған сыңайлы. Мәселен, жақында ғана «Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін, жаңа айтып кеттім, ең негізгі мәселе мұқтаж адамдарға беруіміз керек», — деген Бердібек Сапарбаевтың сөзін БАҚ жарыса жазған болатын. Осы орайда желі белсендісі Нұрхан Хамзеұлы вице-министрдің «20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес», — деген сөзін сынап, жан-жақты талдап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«БЕРДІБЕК емес, БЕРМЕСБЕК!». Дәл осындай үлкен әріптермен тақырып қойып, facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырған ойлы азамат «Әр сәбиге 20.000 теңге беру дұрыс емес» деген вице-министрдің ай сайын бір млн (жазба авторының келтірген дерегі) жалақы алатынын тілге тиек етті.
«Вице-премьер əр сəбиге 20.000 теңге беру «дұрыс емес» дейді. Өзі ай сайын бір млн теңге жалақы алып отырып, қазынаның əр тиыны үшін күреске түсті! Бюджетке жаны ашиды. Бейне бір Бердібек Сапарбаев мырза көп сəбилі отбастарын өзі асырап отырғандай əр сөзін нығарлай сөйлейді.
Аналарға беретін 20.000 теңге «дұрыс болмаса», өзі өмір бойы мемлекеттік қызметте жүргенде, баласының 300.000 АҚШ доллары тұратын бұқа қоздыратын қызыл түсті «Феррариді» ерттеп жүргені дұрыс па?
Əйтпесе, вице-премьер «менің қатысым жоқ» деп ат-тонын ала қашып отырса да, Бердекеңнің ұлы Жансұлтанның (Нұрсұлтан емес, оған да тəубе!) астана əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалуы, əрине, заңға томпақ емес. Экстің Бердекеңе деген сенімін есепке алмасақ…
Сапарбаевтың Ақтөбеде облыс əкімі болған кездегі детективке бергісіз шытырман оқиғалы қаражат тарихтары өз алдына бөлек эпопея. Сондағы елден алғаны — Бордюрбек деген жаңа есім.
Қайткен күнде де, шенділердің мемлекет қазынасын өз қалтасымен шатастырып алуларын жұрт сезбейді, көрмейді деп ойлай ма екен?
Қалай болғанда да, бюджет ақшасын көп балалы аналардан үнемдеу — сорақылық.
Кешелі бері ақтөбеліктер сыйлаған Бордюрбек есімі тағы сəл-пəл өзгеріске ұшырап кетті.
Таныс болыңыздар: БЕРМЕСБЕК…», — деп оқырмандарын ойлантып тастады.
Оңашадағы оқшау ойын жеткізген оның бұл жазбасы оқырмандары тарапынан елеусіз қалмады. Кез келген мәселеде азаматтық позициясын жасырып қалмайтын желі қолданушылары төмендегідей пікір қалдырды:
Фото: желідегі пікірлерден скриншот
Өз ойларын ашық әрі батыл түрде жазған пікірлер иелерінің сөзіне үңілсек, Нұрхан Хамзеұлының бұл жазбасы көпшілікке ұнаған сыңайлы.
[:]