АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тапаншамен қарсыластарына оқ атқан Атамбаев Бішкекте митинг өткізбекші[:]

[:kz]

«(…) Операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым», — деді экс-президент.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митинг өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Атамбаев өзін ұстау кезінде оқ ату арқылы қорғанғанын айтты. «(…) Операция кезінде оқ аттым. Жақтаушыларым үшінші қабатқа келіп қалғанда аттым, оларға тиіп кетпеуге тырыстым», — деді экс-президент.

Атамбаевтың айтуынша, енді ол Бішкекте митинг өткізбекші. «Біз өз шартымызды айттық. Ол — Қой-Ташта байланыс пен Интернетті қалпына келтіріп, ондағы күш құрылымдарын алып кету», — деді Қырғызстанның бұрынғы президенті.

sn.kz

[:]