АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тәпішкемен ұрып, қараңғыға қамап тастаған»: Орал полициясы балабақшадағы балаларды ұру ісін тергеуді бастады[:]

[:kz]

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәпішкемен ұрып, қараңғыға қамап тастаған. Оралда балабақшадағы тәрбие әрекеттері ата-аналардың жағасын ұстатты. Олардың айтуынша, тәрбиеші балаларды қорқытады. Полицейлер қылмыстық іс қозғады. Бірақ білім беру мекемесі жанжалды басқаша әдіспен шешкен. Балаларды балабақшадан шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды

Кадрлардан тәрбиешінің балаларды ұрғанын көруге болады. Кейін соққылардың күшті болғаны белгілі болды. Бірден сегіз бала бұл жағдай бірнеше айдан бері қайталанып жатқанын мойындады. Олар тәрбиешіден қорыққандықтан үнсіз қалған. Тәрбиеші әр түрлі себептермен күш қолданған: ұйықтамаса немесе оның пікірінше, орынсыз қылық жасаса.

 

«Анашым, ал сен балабақшада бізді ұратынын білесің. Дәл осылай көрсетеді.  Ұлым, сен шын айтып тұрсың ба? Анаң сені қорғауы үшін. Иә, шын деді. Балалардың бәрі басынан ұрғанын, дәретханаға қамап қойғанын, бір баланы тіпті жарықты сөндіріп қамағанын айтты»,  — деді Орал қаласының тұрғыны Наталья Кофейникова.

«Басынан тәпішкемен де ұрған. Көздеріне лазерлік фонарь қосып тұрғаны белгілі болды. Ал директор мұны қиял деп санайды», — деді Орал қаласының тұрғыны Ирина Изгилова.

Мекеме директоры тек бір рет байланысқа шықты және тәрбиешіге қатысты мәселеге араласпайтынын айтты, дейді ашуланған аналар. Балабақша жекеменшік, бірақ мемлекеттік субсидиямен жұмыс істейді. Алайда білім беру саласындағы сапаны бақылау департаменті көмектесе алмады. Бизнеске тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанын атап өткен. Содан кейін ата-аналар арызын алып, полицияға және қалалық прокуратураға барды. Онда сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Балаларына физикалық жаза қолданылғандығына байланысты, Абай полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 140 бабы, 2 бөлігі — «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Егер қатыгездік көрсеткені дәлелденсе, онда кінәлі адамға 160 АЕК санкциясы қолданылады», — деді  БҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.

Телеарна тілшілері балабақша меңгерушісінен түсініктеме ала алмаған — оның телефоны өшірілген. Бірақ ата-аналармен сөйлесу барысында соңғы жағдайларға байланысты «Радуга» тобы жабылғанын жазды.

[:]