[:kz]
Тапсырысты орындаған: Алматыда автокөлікті әдейі өртеген күдікті ұсталды
Алматылық полицейлер автокөлікті тапсырысымен өртенген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласында көлік өртенген.
Subaru автокөлігі 68 жастағы алматылыққа тиесілі болған.
Полиция 1983 жылы туған Ш. есімді азаматты ұстады, ол өзінің танысының тапсырысын орындағанын мойындады.
«Күдікті жұмысы үшін 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады. Тапсырыс беруші де дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында өз ара келіспеушілік болған», — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Оның айтуынша, күдіктілердің екеуі де ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді», — деді Рүстем Әбдірахманов.
[:]