АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Таразда есектің сүтін сатып жүргені рас па[:]

[:kz]

 

Таразда есек байлап, сүтін сатып отырған ферма бар. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген ақпаратты «Астана Times» қазанның 19 күні берген. Сол кезде тараздық атқамінерлер, «көше-көшені аралап ферманы іздеп көреміз», деген уәде беріп еді. Бір апта өтті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, «есек сүті пайдалы», деген жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.

Жұрттың жағасын ұстатқан видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, «есектің сүті пайдалы», дегенді шығарды. «Қатерлі ісікке шипалы» екен-міс. Алайда, ол нағыз фейк. Сарапшылардың сөзінше, есектің сүті қатерлі ісікті емдемейді, керісінше қоздырады. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді. 

«Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол», — деді сарапшы Қуандық Хонай.

Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамды шошытты. Әсіресе, «Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген», деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті.

Қазнетте тараған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені есек сауғандарды тауып, жазалау керек екенін айтады. Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. Айтларынша, бұл видео басқа елде түсірілген.

«Есек асырау оңай шаруа емес. Біз іздемесек те, ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес, сізге кепілдік берейін», — деді ҚР АШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев.

Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда, бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді. Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. 

 

[:]