[:kz]
Тараздың «Достық» орталық алаңы ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жамбыл облысы әкімдігінің тиісті қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының 26 қыркүйектегі шешімі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің «Әділет»сайтында жарияланған.
«Тараз қаласының «Достық «алаңы «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңына өзгертілсін», — деп көрсетілген Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысында.
Құжатта атаулардың ауысуы жергілікті халықтың пікірін ескере отырып және ҚР үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша орын алғаны айтылған.
Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
[:]