[:kz]
Тараздағы тұрғын үйде болған жарылыс кезінде қаза тапқандар тізіміне енгізілген 1987 жылы туылған Аида Төлегенова аман екені анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қосымша жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде қаза болған 1987 жылғы Аида Төлегенова емес, 2001 жылы туылған Арапбек Айжан екені анықталған.
Мұндай жағдайдың орын алуына мәйіттің алған жарақаттар салдарынан түрін тану мүмкін болмаған. Қыздардың дене бітімдері ұқсас болуына байланысты туысқандары да мәйітті тануда қиналған.
Қазіргі уақытта қылмыстың кодекстің 292 бабы 3-ші бөлімі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
kaz.nur.kz
[:]