[:kz]
Нұр-Сұлтанда парламент мәжілісінде 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырыс барысында депутаттардың бірі 2 миллионға жуық қазақстандықтың әлеуметтік жәрдемақы алатынына наразылық білдірді деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмек туралы және мемлекеттен жәрдем алатын ел тұрғындарының санына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, көрсеткіш тым жоғары.
Маман 2007 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш төрт есеге өскенін айтты. Қазіргі таңда көмекті 2 млн қазақстандық алады екен. Ал жалпы бар-жоғы 8 млн халық жұмыс істейді.
«Бұл бізде бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазақстан тәуелсіздігі тарихында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны ешқашан осыншалық болмаған», — деді Қарағұсова.
Депутат 2007 жылы елдегі экономикалық жағдай әлдеқайда төмен болғанын, «жұмыс орны мен ақша болмағанын» атап өтті.
Ол кездері оқыту, қайта даярлау және микрокредиттер беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жасала бастады.
Сонымен қатар Карағұсова елде жалақы үнемі өсіп отыратындығын хабарлады.
«Не болды? Осының бәріне кім жауап береді? Осы себепті маған, жұмыс тобына есептерді әкеліңіз: 1. «Жұмыспен қамту» деп аталатын бағдарламаларға қанша қаражат жұмсалды, оның тиімділігі туралы біз бірнеше рет сұрақ қойдық; 2. Осы уақыт аралығында қанша микрокредит берілді. Анализді біз өзіміз жасаймыз», — деді депутат.
[:]