АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тасқын судан малын аман алып қалмақ болған қостанайлық қаза болды[:]

[:kz]

  1. Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Железнодорожный аулының тұрғыны малын қауіпсіз жерге айдаймын деп жүріп, көз жұмды.

 

1407823251_elite-breed-cows

Бұл туралы “Наша газета” басылымы жазды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оларды су тасқыны қаупі туралы ешкім хабардар етпеген. Жексенбі, 16 сәуір күні жүре бастаған су тасқыны туралы ақпарат ауызша тарала бастайды. Жергілікті тұрғындар су тасқыны жетпеген аудандарға көшіп, малдарын әкете бастаған. 63 жастағы ауыл тұрғыны Виктор Шверст малын тасқын судан аман алып қаламын деп жүріп өзі қаза болды.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, ол “салқындап қалған”. Жергілікті бейітті су шайып кеткендіктен, оны Челгаши ауылында жерлеуге тура келеді. Бұдан бөлек, Железнодорожный ауылында 25 үйдің тасқын судан зардап шеккені белгілі болды. Тұрмыстық техника, ауыл тұрғындарының төсек жабдықтары мен киімдерін су бүлдірген.

Ресми түрде су тасқынының құрбандары туралы хабарланған жоқ. Полиция Ақмола облысында суға кеткен үйде қайтыс болған жалғызбасты зейнеткерді ішімдікке әуес болғанын айтып, оның жүрек дертінен көз жұмғанын хабарлаған еді.

stan.kz

[:]