АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тастай батып, судай сіңсін»: Бір уақытта ұзатылған әпкелі-сіңілі жұрттың жүрегін елжіретті (видео) [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде бір уақытта ұзатылған әпкелі-сіңілі қыздардың видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі dudaray тобында жарияланды. «Бір үйге екі келіннің түскенін көрген едім, бірақ бір күнде ұзатылған әпкелі-сіңлілерді бірінші рет көруім.

Бұндай да бола ма?» делінген видеоның жазбасында. Кадрдан әншінің «Қызға тілек» туындысымен ұлттық нақыштағы бірдей костюм киген әпкелі-сіңлілерді ұзатып жатқанын байқау қиын емес.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DUDARAY | ДУДАРАЙ (@dudaray)

Сонымен қатар, қыздарға бөлек-бөлек «ақ жол» төселгені видеода байқалады. Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жаңбырша жаудырды. Олардың басым бөлігі аруларға батасын беріп, ақ жол тілеген.

«Бақтары ашылсын», «Барған жерлерінде тастай батып, судай сіңсін», «Әпкелі-сіңлілердің бір уақытта ұзатылғанын бірінші рет көріп отырмын. Не де болса барған жерінің керегесін алтын қылатын келін болсын», «Екеуі де бақытты болсын», «Бір үйдің балаларына ұзатылып жатыр ма екен?!, » Өте әдемі қыздар екен. Тұрмысқа шығу бір күнде бұйырған екен. Барған жерлерінде сыйлы келін болсын», — деді желі оқырмандары. Айта кетейік, ұзату тойдың Қазақстанның қай өңірінде және қашан өткені белгісіз.

kaz.nur.kz

[:]