АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Тау қопаратын күш керек»: «тәуіптік қасиеті бар» Гүлзира Айдарбекова зілтемір көтеріп жүр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бұған дейін «тәуіптік» қасиеті бар екендігін айтып, елді елең еткізген танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың тағы бір қыры ашылды. Ол үйінде спортпен шұғылданып, секіртпемен секіріп, тіпті, зілтемірді оп-оңай көтеріп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнерде үлкен ұлы Қайрат Нұртасты өрге сүйреп жүрген продюсер әлеуметтік желіде де өте белсенді. Ол қартаймас үшін үйінде жаттығу жасап, денесін шынықтырып жүрген сәті түсірілген видеоны Instagram парақшасынажариялады.

«Бүгінгі күннен. 68-дер қайда? Барша аналар! Қартайдым демеңіздер, елуді міне еңсердік, әлі ұрпағымыз үшін тау қопаратын күш керек. Ол-ол ма, немерелерді әлем мойындайтын деңгейге жеткізіп, шөбере бағып, шөпшектің алақанынан май жалауымыз керек. Так что, мықты болыңыздар! Мықты болу үшін жан-жақты болуға тиістіміз! Бәрін өзімізден бастайық! #бізбіргеміз», — деп жазды жан-жақты продюсер.

Айна алдында зілтемір көтеріп, секіртпемен секірген әжені көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазуда.

Мәселен олар: «Намаз оқып отыратын кезең емес пе?»,»Гүлзира ханым, энергияңыз өте мықты!», «Туу, недеген керемет!», «Сол күнге жеткізсін!», «Жарайсыз!», — десті.
 

 

 

[:]