АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ[:]

[:ru]

medalОртақ ордамыз — Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз — ортақ, тілегіміз — бір, мақсатымыз — жалғыз. Ол — жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! 

Н. Ә. Назарбаев

 

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында  Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы  мүшелерін, этномәдени бірлестіктер өкілдерін, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

mangi

Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды, деп түсіндіоілді. Өз тарихында ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді, даму барысында этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол – халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде ассамблея Елбасы төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл – оның ерекше мәртебесін айқындайды. Соңғы жылдары Қазақстан халқы ассамблеясы «Мәңгілік ел» идеясын қалыптастыру бағытында көп жұмыстарды атқарды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл»   мерейтойлық медалі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен» марапаттауға байланысты өткен іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы  Төрағасының орынбасары  Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын барысында «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»   мерейтойлық медальдары және ҚХА-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық наградасы тапсырылды.

 

 

[:]