АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Тәулігіне 11 мыңға жуық адам жұқтырады»: Цой коронавирус бойынша жаңа болжам айтты[:]

[:kz]

 

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайды дамытудың үш сценарийі туралы хабарлады. Бұл туралы ол “Хабар24” арнасына өткен эфирде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз коронавируспен сырқаттанушылығымызды бақылап отырмыз және ғалымдардың бүкіл жұмыс тобы болжам жасау үстінде. Яғни, бұл соңғы екі аптадағы динамикадағы нақты есептеулер, ол сырқаттанушылық, оның ішінде төсек жүктемесінің көрсеткіштерін салыстырады. Әрине, біз екі апта сайын болжам жасаймыз, болжамдарымызды қайта қарастырамыз.

 

Қазір бізде оптимистік сценариймен күніне шамамен 6000-6 100 жағдай болуы мүмкін деп болжап отырмыз.  Бұл тамыз айында болатын өршу, Ал тәулігіне нақты сценариймен 9 мыңға дейін және пессимистік сценариймен 11 мыңға дейін өсуі мүмкін. Біз осындай болжамдарды келтіреміз, біздің төсек — орын қорының мүмкіндігі қандай болатынын қараймыз және бұл жерде тиісті шаралар қабылдануда», — деді Цой.

Еске салсақ, бұған дейін министр қандай жағдайда карантинді күшейтетінін айтқан еді. 

 

[:]