АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тауып, жазалаңыздар»: Талғардағы аурухана маңында атылған отшашу науқастардың наразылығын тудырды[:]

[:kz]

18 шілде күні кешке белгісіз тұлғалар Талғар орталық аудандық ауруханасының аумағында отшашу ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны Instagram-да kris_p_talgar парақшасы жариялады.

 

«Перзентханаға қарама-қарсы жерден ұшырылды. Мұны жаңа туған нәрестенің туыстары жасады деген күдік бар», — делінген видеода.

«Біздің пациенттердің наразылығы мен ашуында шек жоқ. Науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан кезде отшашулар атады», — дейді стационардың медицина қызметкерлері.

«Жаңа туған нәрестелер дауыстан қорқып, жылады. Оны жасаған адамды тауып, жазалауын сұраймыз», — дейді ауруханағылар.

[:]