[:kz]
Әй, Мұхамеджан-ай! Қанша дегенмен, ағымдас ауылдасыңдай, жамағат жақыныңдай бола алмайды екен, ә?!
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған. Бұл ретте, «ағымын ауыстырған» Мұхамеджан Тазабектің алды қандай боларын қайдам, ал артындағы соқпағы біртүрлі бола бастағандай. Бұрын сәләфизмнің сұсымен, «Асыл арнаның» мысымен әлеуметтік желілерде әу деп қалса, не сақалға, не балаққа жарымаған жақтастары пікір алмасқыш бола қоятын. Паранджа бүркеген пиғыл, хиджаб қымтаған хикаялар да осы Мұхаңның жазбаларының астында көрініп, әшкере болып жататын. Қазір ше?..
Қазір Мұхамеджан әу десе, ешкім мәу демейді. Төңірегі түгел емес сияқты. Әлгі Сирия содырларына ұқсаған немелердің біреуі не ұнату белгісін басып, не жазбасына пікір қалдырып отырмайды бұрынғыша. Кәдімгідей безіп кеткен сияқты. Мысалға кейінгі мына екі жазбасын көшіріп салып отырмыз.
Әй, Мұхамеджан-ай! Қанша дегенмен, ағымдас ауылдасыңдай, жамағат жақыныңдай бола алмайды екен, ә?! Ақидасы түсініксіз ақилардан ауылдағы ағайының артық қой қашанда! Енді қарашы, не мынау?! Бірдеңе десең, «бір кемедегің» көрінбейді.
Бекболат Тілеухан елорда төрінде тұрып кәнсерт қойғанда, «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» деуші ме еді… Бекболаттың дүйім жұртты жинап, эстрадамен концерт беруі қанша тауһидшіл десек те, ақылға қонымсыз екені рас. Ұлттық фольклор деп домбырасын құшақтап біраз жүрді де, міне енді, қанша дегенмен нәпсісінің деңгейін көрсетіп тынды. Жүз жерден ақтасақ та, шариғат түгілі ата-бабам бұлай батыстың даңғаза-эстрадасымен «концерт» қоймаған еді. Жақтаушылар өзіне айтпадың ба дерсіңдер, өзімен сөйлесіп, айтудай-ақ айттым-ау… Тыңдар құлақ көрмедім», — деген Талғат Рысқұлбек сындылар кімге опа берер дейсің…
Мұхамеджан Тазабектің де оқырманын сиретіп алатын жөні бар сияқты. Өйткені, ол кейінгі кезде желіге «шайтанның аспабы» арқылы айтысқан естеліктерін сала бастаған.
[:]