[:kz]
Мұхамеджан Тазабек Жамбыл облысындағы төтенше жағдай жайлы айтты. Көпшілікке сабыр тілеп, істің ақырын күтуге шақырды
“Ешкімге, ештеңеге күлуге болмайды (Өткенде ауғандарға күліп, прикол ұстағандарды айтам). Кімнің алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Алла сынаса, талибансыз да, полигонсыз да балаңды құшақтатып, туған үйіңнен түн жарымда бас сауғалатады. Ұрлық-қарлықтан, қиянат зорлықтан Алла сақтасын! Артын күтейік, аптықпайық, артық сөйлемейік… Құзырлы мекемелер шұғыл қимылдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр екен. Алла қиналғандарға, жаралы болғандарға жәрдем етсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!”, – деп жазды Мұхамеджан
“Алла жеңілдік берсін, Алла сабыр берсін, Алла жар болсын, Халқым аман болсын”, “Бұл жағдайды арыстықтар ғана түсінеді, үшінші жылға кетті әлі айра-жайра үйде тұрып жатырмыз”, “Құрметті ағайын!!Алладан көбірек көмек айтып, кешірім тілейік. Алла аса мейірімді, әрі кешірімді, көбірек кешірім тілесек, Алла елімізге мейірімін төгеді, неше түрлі апаттардан сақтайды”, “Алла жар болсын. Алла пана болсын барлығына”, “Алла сабыр берсін! Әмин! Алла жар болсын!”, “Аумин Мұхамеджан аға, алла жар болсын. Артын күтейік, тек жақсылық болсыншы”, – деп жазды желі қолданушылары.
Жамбыл облысындағы болған апат жүргізілген жұмыстардың нәтижесіз екендігін көрсетті. Айта кетсек, әскери қоймада болған жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 90-ы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
[:]