АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТЕАТРҒА БАРУ КЕРЕК – ТАЗАРУ ҮШІН…[:]

[:kz]

Тарлан талант Талғат Теменов алдымен «Гүлназ» повесім

ен елді елең еткізді. Үлкен-кіші жата-жастанып жаппай оқыған бұл 

шығармадан Талғат ағамыздың жазушылық қыры көрінді.

Сондықтан болар, ауылда кітапты алғашқы болып оқитын апамыз 1993 жылы туған немересінің атын Гүлназ қойды. Ол кезде ел қыздарының атын Талғат Теменовтың тамаша шығармасының сүйікті кейіпкерінің құрметіне Гүлназ деп қоюды сәнге айналдырған еді…
Елдің ерекше шығармаға ыстығы басылмай жатып, осы повестің желісімен «Маxаббат бекеті» киносы жарқ ете қалды! Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ес жия алмай жатқан ел осы Маxаббат бекетінде біраз аялдап, көңіл аулады…
Тәкеңмен қазіргі Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ректоры кезінде, 1996 жылы болуы керек, қайнағамыз Әсет Мырзаев апарып таныстырды. «Бұл да біздің Жаркентке күйеу бала. Екеуің бажа боласыңдар» деп нықтап қойды. Сол кезде шыққан тұңғыш кітабым «Керімсалды» » Маxаббат бекетіміз бір екен ғой»-деп, бір шумақ өлеңмен қолтаңба жазып ұсындым.
Ал Талғат Теменовтың адамзатқа айтары көп «Адамдар арасындағы бөлтірік» көркем фильмі туралы өз алдына бөлек әңгіме айту керек.

Талғат ағамыз театрда да тарландығын танытты. «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасын әрбір адам көруі керек деп ойлаймын. Өйткені, бұл туындыны көргенде қарынның қамымен қарбаласта жүрген ел бір сәт өзінің Жүрегі бар екенін ол сыздаған кезде білетін болады. Біліп қана қоймай, нәзік те мөлдір маxаббаттың соншама құдіреттілігі мен құндылығын терең түйсінеді. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың » Арманым, Әселім» повесіндегі Әсел мен Ілиястың және «Боранды бекетінде» айтып өтетін ару Бегімай мен ақын Раймалының маxаббат дастандарын үздік үйлестіре біліп, Теменовтік терең иірімге салып жіберіп, жаңа қырынан жарқырата көрсете білу тек дарабоз дарындардың қолынан ғана келеді.
Ал ой саларлық «Отелло» драмасы туралы сөз басқа… Шекспирдің шекпенін өлшеп көруге де шексіз шеберлік керек. Ұлы драматургтың әйгілі драмасына Теменов текке бармағанын көрерменге көрсете білді.
Мен Талғат Теменовтың әр қойылымынан шыққан сайын «Театрға бару керек – тазару үшін»-деген түйінге тоқталамын.
Ал тазару – бүгінгідей кіршеңдігі мен кірбеңі, күйкілігі мен күйбеңі көп өмірде бәрімізге керек ең керекті ем.
Айтпақшы, ұмытып барады екенмін, Талғат аға, туған күніңіз құтты болсын!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

[:]