АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тек иммунитет көтеретін дәрі беріп жатыр: Коронавирус жұқтырған қазақстандық жүкті келіншек сұхбат берді[:]

[:kz]

Алматы облысының тұрғыны Тоғжан Айтбай сұхбат беріп, қазіргі жағдайын баяндап берді. Айтуынша, ол АҚШ елінен оралған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тоғжанның айтуынша, ол АҚШ-тан Мәскеуге, одан Алматыға 25 наурызда ұшып келіпті. Келген бойда міндетті сынама тапсырған. Індеттің белгісі екінші рет сынама тапсырғанда анықталған.

«Менде жөтел де, аурудың басқа белгілері де байқалған жоқ. Тамағым да ауырған жоқ. Бірақ нәтиже оң болып шықты. Бастапқыда қатты уайымдадым. Қазір жағдайым жақсы», — деді ол.

Жүкті келіншек қазір Қаскелең қаласындағы ауруханада. Жүктіліктің төртінші айында. Тек иммунды көтеретін дәрі қабылдауда. Өзінің де, баласының да денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Алайда карантинде жатқандықтан гинеколог дәрігердің қарауында бола алмайды екен. 

«Достар, біз елге келе сала өзімізді оқшаулағымыз келді. Бізден бірден тест алды. Бізді бірден ауруханаға карантинге жатқызатын шығар деп ойладық. Бірақ бізді үй жағдайындағы карантинге жіберді. Себебі бірінші тест бойынша бізден ауру белгісі анықталған жоқ. Біз үйден ешқайда шыққан жоқпыз. Жағдайдыі бәрін жақсы түсінген едік. Мен күйеуімді де, үйде болған әпкемді де, ешкімге ауру жұқтырған жоқпын», — деп жазды Тоғжан Айтбай парақшасында. 

Тоғжан Заңғардың күйеуі ел президент3 мен денсаулық сақтау министріне үндеу жолдап, жүкті әйелі жатқан аурухананың жай-күйін баяндады. 

Ол душ кабинасы мен ыстық судың жоқтығын, төсектің қатты екенін айтты. Әйелі бір палатада ауруды жұқтырған қызбен бірге болғанын, бірнеше апта бойы қорғаныс маскасын әкеп бермегенін жеткізді. Шудан соң оны палатада жалғыз қалдырып, маска берілген. Жағдайын жасауға уәде берген. 

[:]