АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Телефоны бұғаттаулы»: Мейрамбек Беспаев ұтыс ойынын өткізбек болған Ернар Айдарды жақтады[:]

[:kz]

 

 

«Мұзарт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаев ұтыс ойынын өткізгені үшін құрықталған өнердегі інісі Ернар Айдарға араша түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мейрамбектің айтуынша, Ернар алаяқтардың құрығына түсіп қалған көрінеді.

«Қадірлі ағайын!

Соңғы күндері қазақтың талантты ұлдарының бірі, белгілі әнші Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан біршама хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарласып, мән-жайды анықтап білдім. Өзі сіздерге толық ақпарат берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі қазір алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан мен сіздерге болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны боп отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды. Ернар өз кезегінде тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуіне жан-жақты ақпарат беріп, барынша көмектесіп жатыр», — делінген жазбада

Сонымен қатар Мейрамбек Беспаев інісінің шалыс басқанын айтып, айлардың төресі — Рамазан айында халықтан кеңпейілділік танытуды сұрады.

 

«Қазақта “жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ” деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осындайда өзін жарға жығатыны да бар. Ол үшін сүйікті ұлдарыңызды қатты сөге көрмеңіздер. Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қаншама қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүрді. Әлі де сіздер үшін қызмет жасап, сахнадан көңілдеріңізді көтереді», — деп жақтады Беспаев.

Мәдениет саласының майталманы Ернарды мысалға келтіре отырып, әріптестерін оңай табыс көзіне көз алартпауға шақырды.

«Ернар тап болған бұл жағдайға түспес үшін,мен барша әріптестеріме мұндай жеңіл табысқа құмартпауын ескерткім келеді! Осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын», — деп өтінді ол         Instagram-парақшасындағы жазбасында.

Осы ретте желі қолданушылары Мейрамбектің өтінішін елемей, көпшілігі Ернардың заң аясында жазалануы тиіс екендігін айтып, жамырасып жатыр. 

[:]