АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Телефоным сынбаса екен! Омыртқам болса екен!..»[:]

[:kz]

 

 

ДҮНИЕҚОҢЫЗДЫҚ

 

Әріптесім əнекдот айтып отыр. 

-Бір қазақ су жаңа Айфон-8 сатып алыпты. Үш жүз мың теңгеге алған дүниесін аялай сыйпап, артқы қалтасына салып, мəшинесіне отыра қалыпты. Сол сəтте «ғырт» етіп сынған нәрсенің дыбысы естілген ғой. Жүрегі тас төбесіне шыққан қазекем күбірлеп жатыр дейді. «Телефоным сынбаса екен! Омыртқам болса екен!..»

Күле алмадым. Кеше ғана жаңалықтардан көрген оқиға ойыма оралды. Алматыда кішкентай сіңілісін балабақшадан алып келе жатып қайғылы оқиғаға ұшыраған əкпесі сөйлеп жатыр. 

-Жаяу жүргінші өтетін жерден өте бергенде бізді бір қымбат мəшине келіп соқты,-дейді оқушы қыз жылап тұрып,-Сіңілім бір жаққа,мен бірі жаққа ұшып кеттім. Мəшинеден түскен кісі бізге қараған да жоқ. Мəшинесінің майысқан жерін сыйпап, боқтап жүрді…Сіңілім сол жерде өліп қалды…

 

Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]