АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Телефонын ваннаға түсіріп алған 11 жастағы қыз тоққа түсіп көз жұмды[:]

[:kz]

Ресейдің Рязань қаласында 11 жастағы қыз тоққа қосылып тұрған телефонын ваннаға түсіріп алған. Салдарынан ол тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz РФ тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Қыздың денесін ата-анасы 22 сәуірде күндізгі уақытта тапқан. 

Тергеу комитетінің мәліметінше, телефон тоққа қосылып тұрған. Оқушы қыз телефонды ваннаға түсіріп алып, тоққа түсіп қалыпты.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. 

 Stan.kz

[:]