АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Темір қақпақ автобус ішіндегі қыздың аяғын жаралады[:]

[:kz]

Алматыда қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Бұл туралы «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Халиулин көшесінің бойында болған. № 65 бағытында жүретін автобус осы көшенің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Шығыс айналма жолын өтіп, жол шетіндегі люкті басып кеткен. Люк ұшып кетіп, автобустың еденін тесіп өткен. Осының салдарынан қоғамдық көлікте отырған жолаушы қыздың аяғы сынған. Ол жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы қызмет өкілдері осы мәселемен айналысып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

[:]