[:kz]
Теміртауда отбасылық жанжал кезінде жоғары қабаттан заттарды далаға лақтырған әйел жазаланды.
11 мамырында Теміртаудағы 9 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде отбасылық жанжал туындады.
Жанжал кезінде ашулы 41 жастағы әйел заттарды ашық терезеден лақтыра бастаған. Сонымен бірге ол күйеуінің сыртта тұрған көлігін зақымдамақ болды.
Оқиғаны көрген куәгердің бірі мобильді телефонымен бұл сәтті видеоға түсіріп алды.
Әйел 9 қабатты биіктіктен заттар мен пластикалық бөтелкелерді көліктің төбесіне лақтырып, алдыңғы айнаны зақымдаған. Видео көп ұзамай әлеуметтік желілерде пайда болды.
Мониторинг барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері видеоданы әйелді тапты. Жеке басын анықтады, оған қатысты бұзақылық фактісі бойынша хаттама жасалды.
[:]