[:kz]
Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Теңіздегі тәртіпсіздік кезінде 45 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Зардап шеккендердің төртеуі — қазақстандықтар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алайда Досмұхамбетовтың сөзінше, ешкім айтарлықтай жарақарт алмаған. Зардап шеккендердің жағдайы жақсы. Мамандар қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оларды үйлеріне жіберді.Ешбір адам ауруханаға жатқызылған жоқ.Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым күні Теңіз кен орнында жұмыскерлер қазақстандық қыздың суретіне шамданып, көтеріліске шыққан еді.
[:]