[:kz]
Отандық телеарналардың бірінде тікелей эфир барысында екі бойжеткен сөзге келіп қалып, көпшілік алдында шаш жұлысты. Төбелесіп қалған аруларды тіпті студиядағы ер азаматтар әрең ажыратып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Істі сөзбен емес, іспен шешіп көрмек болған арулар желіде ұятқа қалды. Көпшілік олардың тікелей эфир кезіндегі әрекеттерін аса ерсі санап, оларды сөгіп тастады.
«Масқара, ұят емес пе?» , «Қазақ қыздары десең, өзіңе тиеді» ,»Жігіт үшін таласып жатыр ма? Нені бөлісе алмады?» , «Қазақ қыздарын ұятқа қалдырдыңдар» , «Қыз атаулысын мазақ еттіңдер» , «Бұл эвирді ата-аналарың қарап отыр ғой» , «Ауылда ағаларымның қораз төбелестірген кезі есіме түсіп кетті» , «Қазақ қыздары деуге де аузым бармайды» , — деп жазуда желідегілер.
[:]